Ақмола облысында көміртегі тотығы датчигі 8 адамның өмірін құтқарды

391

Макинск қаласында көміртегі тотығының концентрациясын ерте анықтайтын дербес датчик іске қосылды. 

Ақмола облысында көміртегі тотығы датчигі 8 адамның өмірін құтқарды Фото: ҚР ТЖМ

Анасы 7 баласымен, үйде барлығы 8 адам болған. Сенсордың қатты дыбысы көміртегі тотығының концентрациясы туралы хабарлаған соң, үй иесі ауданның ТЖ бөлімінің қызметкерлерін шақырған, деп жазады inbusiness.kz Төтенше жағдайлар министрілігіне сілтеме жасап. 

Жедел топ тұрғын үйді зерттеп, пеш мұржасының ақаулығының себебін анықтап, жойды.

Бұл сенсор көпбалалы отбасына жылыту маусымына дейін орнатылған болатын.

Жылыту кезеңі басталғаннан бері Ақмола облысында көміртегі тотығы концентрациясын ерте анықтайтын 1 738 дербес датчик орнатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу