Ақмола облысында коронавирус індетінен тағы бір адам көз жұмды

1370

Қазақстандағы коронавирус бойынша 8 сәуір сағат 13:45-тегі эпидемиологиялық жағдай.

Ақмола облысында коронавирус індетінен тағы бір адам көз жұмды

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тiркелдi, Қызылорда облысында – 3 адам, Ақмола облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам. Бұл мәлімет шұғыл штаб сайтында жарияланды.

Сондай-ақ, Ақмола облысында коронавирус індетінен тағы бір науқас көз жұмғандығы хабарланды.

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында - 55 адам, Ақмола облысында - 43 адам, Атырау облысы - 36 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 20 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 6 адам, Қызылорда облысында - 72 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 33 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 709 науқас тіркелді",– деп жазылған хабарламада.

Елімізде індет тіркелген уақыттан бері 53 адам дертінен айығып шыққан, ал қаза болғандар саны 7-ге жетіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу