Ақмола облысында құны 30 млн теңге болатын 103 жылқы жоғалды

248

Ауыл тұрғындары бір апта өз күштерімен іздеп, содан кейін ғана полициядан көмек сұраған. 

Ақмола облысында құны 30 млн теңге болатын 103 жылқы жоғалды Фото: Polisia.kz

Сандықтау ауданы, Жыланды ауылының бірнеше тұрғынына тиесілі жылқы табынының жоғалғаны туралы арыз 12 желтоқсанда полиция бөліміне келіп түсті.

Иелерінің айтуынша, жайылымда жүрген 103 жылқы 5 желтоқсанда жоғалып кеткен, алайда бір апта ішінде ауыл тұрғындары өз күштерімен іздеп, содан кейін ғана полициядан көмек сұраған. Ақмолалықтар шығынды 30 млн теңгеге бағалады.

Жәбірленушілердің өтініші тіркелді, ал аса ірі залалды ескере отырып, ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жоғалған жылқыларды іздеу үшін полицейлер жедел шаралар қабылдады, криминалдық полиция қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің арасынан арнайы топтар құрылды. Іздеу іс-шараларына ТЖ қызметкерлері мен иелерінің өздері қатысты, түрлі автомобиль техникасы пайдаланылды, сондай-ақ полиция департаментінің дронымен да іздеу жүргізілді.

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан бұл күндері өңір аумағында қатты аяз болды, топтар тәулік бойы тек Сандықтау ауданының аумағында ғана емес, облыстың көрші аудандарында да іздеу іс-шараларын жүзеге асырды. Сондай-ақ полицейлер жедел іс-шаралар кешенін өткізді: мал басы мен ет өнімдерін сатумен айналысатын адамдарды тексерді, ет базарлары, ет комбинаттары және басқа да сауда орындары назардан тыс қалмады. Автожолдарда қосымша блокбекеттер қойылды, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мал мен ет өнімдерін тасымалдаумен айналысатын автокөліктерге тексеру жүргізді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 14 желтоқсанда жоғалған жылқылардың барлығы жоғалған жерден 30 шақырым жерде табылып, иелеріне қайтарылды. Белгілі болғандай, ұрлық фактісі расталмады, осыған байланысты қылмыстық істі тергеу тоқтатылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу