Ақмола облысында құны 7,7, миллиард теңгені құрайтын жоба іске асырылады

752

Ақмола облысында құны 7,7, миллиард теңгені құрайтын жоба іске асырылады

Ақмола облысында құны 7,7 млрд теңгені құрайтын мал шаруашылығы кешені құрылмақ. Бұл туралы өңірдің кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасынан хабарланды, деп жазады LS.

Жоба бойынша Астрахан ауданында 2050 бас шошқа өсіруге арналған кешен мен ет өндіретін комбинат салынады. Кластерді құрумен Bavaria Product АӨК компаниясы айналысады.

Бұл кешенде 5,5 мың тонна ет өндіріліп, 61 192 бас шошқа өсірілетін болады. Аталған жоба Дания компаниясымен бірлесе отырып жүзеге асырылады. Жоба жүзеге асқаннан кейін өндірілген өнімнің 60 пайызын Ресей мен Қытайға эксорттау көзделуде. Кәсіпорын 2018 жылы толық іске қосылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу