Ақмола облысында құрылыс басқармасы басшысының орынбасары 8 жылға сотталды

538

Шенеунік өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. 

Ақмола облысында құрылыс басқармасы басшысының орынбасары 8 жылға сотталды Фото: google

Ақмола облысында құрылыс басқармасы басшысының орынбасары 8 жылға сотталды, деп жазады inbusiness.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Көкшетау қалалық сотының үкімімен Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары М. Қансейітов кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Бұл үкіммен "Сарапшы Арсенал" ЖШС құрылтайшысы Б. Шаймерденов пен "Көкшестрой Технадзор" ЖШС техникалық қадағалау инженері О. Ренн кінәлі деп танылып, сәйкесінше 7,5 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға мемлекеттік қызметте 5 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылды. Тергеу барысында сотталғандардың Щучинск қаласында 100 пәтерлік тұрғын үй салуға бөлінген 50,5 миллион теңге көлемінде құрылыс монтаждау жұмыстары нақты орындалмағаны үшін бюджет қаражатын жымқырғаны дәлелденді", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу