Ақмола облысында қызметкерлерге сыйақы береміз деген сылтаумен ақша жымқырылған

127

Осылайша бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.  

Ақмола облысында қызметкерлерге сыйақы береміз деген сылтаумен ақша жымқырылған Фото: aikyn.kz

Ақмола облысында қызметкерлерге сыйақы (премия) береміз деген сылтаумен ақша жымқырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ақмола облысы Жақсы ауданы прокуратурасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, білім бөлімінде қызметкерлер үшін жалған сыйақы беру жолымен 22 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Аудан прокуратурасымен бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу