Ақмола облысында мәдениет үйінің экс-басшысы 2,6 млн теңгені ысырап еткен

144

Үкім заңды күшіне енді.

Ақмола облысында мәдениет үйінің экс-басшысы 2,6 млн теңгені ысырап еткен Фото: © Sputnik / Абзал Калиев

Ақмола облысының прокуратурасы заңсыз еңбекақыны есептеу фактілерін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
 
Астрахан ауданының прокуратурасымен аудандық мәдениет үйінің қызметінде жүргізілген тексеріс нәтижесінде бюджет қаражатын талан-таражға салу фактілері анықталды.

Белгілі болғандай, 2022-2024 жылдарда аудандық мәдениет үйінің басшысы орындалмаған жұмыстар үшін өзге тұлғаларға негізсіз еңбекақы есептеу арқылы 2,6 млн теңге көлеміндегі қаражатты талан-таражға салып, мемлекетке материалдық залал келтірген.

Соттың үкімімен аудандық мәдениет үйінің бұрынғы басшысы сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ысырап етті деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу