Ақмола облысында мал ұрлығын кәсіп қылған екі тұрғын сотталды

234

Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдеді.  

Ақмола облысында мал ұрлығын кәсіп қылған екі тұрғын сотталды Фото: inbusiness.kz

Астрахан ауданы прокуратурасының үйлестіруімен өңірде ұзақ уақыт мал ұрлаумен айналысқан екі азамат ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл адамдар бірнеше ай бойы әдейілеп облыс аумағында аялдап, күндіз жайылымда жүрген малды бақылап, түнде қолды қылып жүргені анықталды. Ұрлық жасаған қос азаматтың заңсыз әрекеттері салдарынан Целиноград, Астрахан және Атбасар аудандарының 8 тұрғыны зардап шеккен. 

Аудандық сот аталған тұлғаларды мал ұрлығы бойынша (ҚР ҚК 188-1-бабының 3-бөлігі) кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ екі азаматтың біреуіне тиесілі қылмыс құралы болып танылған "УАЗ" маркалы автокөлігі тәркіленді.

Мал ұрлығы ауылдық мекендер үшін бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі. Аталған қылмыс түрімен күрес жүргізу үшін облыстың барлық құқық қорғау органдары жұмылып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу