Ақмола облысында малшы әріптесін өлтірген

440

Күдікті елордада ұсталды.

Ақмола облысында малшы әріптесін өлтірген Фото: inbusiness.kz

Ақмола облысында шаруа қожалығының жұмысшысы әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды  inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

8 қыркүйекте Бурабай ауданының полиция бөліміне жергілікті шаруа қожалықтарының бірінің басшысының өтініші келіп түсті. Кәсіпкер 25 тамыздан бері оның жұмысшыларының бірі хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады. Мән-жайды анықтаған кезде полицейлер сол күні жоғалған адам өзінің әріптесімен бірге мал бағуға кеткенін анықтады. Алайда ер адамдардың біреуі ғана қайтып оралған. 

Белгісіз жоғалып кету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іздеу және жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері жоғалған адамның ауыр қылмыстың құрбаны болуы мүмкін деген нұсқаны ұсынды. Осы нұсқаны тексеру кезінде полицейлер шаруа қожалығының жоғалған адаммен бірге мал бағуға шыққан азаматтың көп ұзамай жұмыстан босатылып, аймақ шегінен шығып кеткенін анықтады. Өтініш келіп түскеннен кейін бір тәулік ішінде ол елордада ұсталды. 

Тергеу іс-шаралары барысында құқық қорғау органдары қылмыстың көрінісін қалпына келтірді. 25 тамызда жұмыс кезінде ер адамдар арасында жанжал болып, күдікті 31 жастағы қарсыласына бірнеше рет соққы беріп, содан кейін денесін орман алқабында қалдырып, шаруа қожалығының аумағына қайтып кеткен. 

Қазіргі уақытта 42 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу