Ақмола облысында биыл облыстық және аудандық маңыздағы автожолдарды жөндеуге 11 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп отыр, деп хабарлайды khabar.kz.
Бұл қаржыға 178 шақырымға жуық тасжол қалпына келтірілмек. Осылайша өңірдегі 8 аудан мен 7 кенттің бірқатар жолы дұрысталады. Әсіресе күні бүгінге дейін туристерді қажытып келген Зеренді ауданындағы Елікті демалыс орнына апаратын жол, Бурабай ауданының орталығы саналатын Щучинск қаласынан шығар жолдар да түзетілмек. Бұдан бөлек, "Аршалы-Ижевское" және "Жаңа Көлқұтан-Ақкөл-Азат-Минское" бағыттарындағы жолдар да күрделі жөндеуден өткізіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу