Ақмола облысында мектеп қазандығы жарылды

449

Зардап шеккендер бар. 

Ақмола облысында мектеп қазандығы жарылды Фото: ТЖМ

Ақмола облысы Аршалы ауданында мектеп аумағындағы жеке тұрған қазандық жарылды, деп жазады Inbusiness.kz.

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметі бойынша оқиға 18 қараша күні сағат 12.18-де Аршалы ауылындағы Писарев көшесі, 18 мекенжайында болған.

“Ж.Тәшенов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп аумағында жеке тұрған қазандық жарылды. Нәтижесінде ғимарат қирады. Өрт болған жоқ”, - деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Ауруханаға үш адам жатқызылды. Атап айтқанда, 1983 ж.т. шаруашылық меңгерушісі, 1990 ж.т. электрик,  1967 ж.т. пеш жағушы.

Мектеп қашықтан оқыту режиміне көшірілді. Жергілікті атқарушы органдар жедел штаб құрып, жарылыстың салдарын жою және жылу беру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу