Ақмола облысында мектеп күзетшілеріне талап өзгереді

467

Ақмола облысында мектеп және басқа да білім мекемелеріндегі күзетшілерге қойылатын талап өзгереді.   

Ақмола облысында мектеп күзетшілеріне талап өзгереді Фото: aikyn.kz

Енді қызметкерді жұмысқа алу кезінде олардың жасы, физикалық дайындығы және төтенше жағдайда өзін-өзі ұстай білуі ескеріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Облыста 800-ден астам білім беру мекемесінің 25 пайызында ғана мамандандырылған күзет бар. Барлық мектепте бейнебақылау камералары орнатылған. Алайда, олардың тең жартысы полицияның жедел басқару орталығына қосылмаған.

"Бұл жерде енді кәсіби күзет болу керек. Көбіне олардың білім деңгейлері жетпей жатады. Дегенмен мектептерге қарап отырсақ, кіреберістерде жасы келіп қалған азаматтар отырады. Біздің ойымызша бұл дұрыс емес деп санаймыз. Өйткені, квалификациялық талаптар қойылуы керек", - деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының орынбасары Ерболат Құсайынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу