Ақмола облысында мемлекет қаржысын иемдеген есепші 7 жылға сотталды

197

Күдікті қаражатты өзінің банктік есепшотына заңсыз аударған.  

Ақмола облысында мемлекет қаржысын иемдеген есепші 7 жылға сотталды Фото: zakon.kz

Заңсыздықты Жақсы ауданының прокуратурасы анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аудан прокуратурасымен Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдиниет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Аудандық мәдиниет Үйі" МККК-ның қызметінде тексеру жүргізіп, есепшінің кәсіпорыннан 58 млн теңгеден астам бюджеттік қаражатын жымқырғаны анықтады.

Нәтижесінде аудан прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа жіберілген.

Сот үкімімен мәдениет үйінің есепшісі 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

ҚК-тің 74-бабына сәйкес, жазаны өтеу 5 жылға кейінге қалдырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу