Ақмола облысында мешіт науқасқа 20 млн теңге жинап берді

1098

Қомақты қаражат науқастың отбасына берілді. 

Ақмола облысында мешіт науқасқа 20 млн теңге жинап берді

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы науқастың еміне жиналған 20 млн теңгенің сертификатын табыс етті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысына жұмыс сапарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы "Науан Хазірет" мешітінің ұйытқы болуымен науқастың еміне жиналған 20 млн теңгенің сертификатын табыстады.

"Бұл бүгінде Түркияда емделіп жатқан Целиноград ауданына қарасты Софиевка ауылдық мешітінің ұстазы Надира Бекебаеваның отбасына берілді. Жамағат мешіт ұстазының еміне қаражатты 12 күнде жинаған", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу