Ақмола облысында мешіттен ақша ұрлаған күдікті ұсталды

562

Күдікті бұрын да осындай қылмыспен бірнеше рет жауапқа тартылған.  

Ақмола облысында мешіттен ақша ұрлаған күдікті ұсталды Фото: ntime.kz

Ақмола облысында мешіт сейфінен 650 мыңға жуық ақшаны ұрлап кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz ІІМ-ге сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 9 желтоқсанда Целиноград полиция бөліміне мешіт қызметкерінен ұрлық туралы телефон хабарламасы түскен.

Шағымданушының айтуынша, 8-9 желтоқсан аралығында белгісіз адамдар мешіт ғимаратының пластикалық есігін бұзып, сейфтен 649 мың теңгені ұрлап кеткен. Жедел-тергеу тобы оқиға орнынан күдіктінің саусақ іздерін алып, оның сейф есігін ашу үшін қолданған құралдарының іздерін зерттеді, бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, ықтимал куәгерлерден жауап алды. Жедел шаралардың нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтады. Ол бұрын мешіттерден ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, Қосшы қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты.

Осы факті бойынша полиция бөлімі ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу