Ақмола облысында "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаржы жымқырылған

328

Бұл туралы ҚР қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ақмола облысында "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаржы жымқырылған Фото: Бейнежазбадан

Ведомство мәліметінше, Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен әлеуметтік осал топтардың тұрғын үй кезегін қысқартуға бағытталған "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджеттік қаржыны жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2020 жылы "Құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен "НИКС Инжиниринг Групп ИВ" ЖШС арасында құрылыс саласында мемлекеттік сатып алу жұмыстарына 500 млн теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалған.

Алайда мердігер 3 жыл бойы құрылыс бөлімі басшысының көмегімен іс жүзінде орындалмаған, көлемі мен құны өсірілген жалған қабылдау актілерін берген.

Заңсыз әрекеттер нәтижесінде 152 млн теңге көлемінде зиян келтірілді.

Сот санкциясымен күдіктілердің 100 млн теңгеден астам құны бар мүлкіне қол қойылды.

"Мердігерге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу