Ақмола облысында өкілеттігін асыра пайдаланған әкім сотталды

440

Әкім бюджетке аса ірі мөлшерде залал келтірген. 

Ақмола облысында өкілеттігін асыра пайдаланған әкім сотталды Фото: freepik

Ақмола облысында өкілеттікті асыра пайдаланған әкім мен алаяқтық жасағаны мердігерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, 2021 жылы Атбасар аудандық әкімдігінде Полтавка селосында ауылішілік көшені жөндеу үшін селолық округ әкімі мен мердігер ЖШС мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан.

Аталмыш ЖШС құрылтайшысының серіктесті директоры болмағандықтан, құжаттарға қол қоюға еш рұқсаты жоқ. Бірақ, соған қарамастан ол орындалған жұмыстардың жалған актілерін жасап, қол қойған. Әкімде құжаттардың (акті мен жұмыс құны туралы анықтама) жалған екенін біле тұра жұмыстарды қабылдап, қол қойған. Осы арқылы бюджеттің 40 млн теңге ақшасы ЖШС шотына аударылған.

Соның салдарынан мемлекетке аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірілді. Келтірілген залалдың сомасын сотталушылар үкім шығарылғанға дейін өтеген.

"Атбасар аудандық сотының үкімімен ауылдық округтің әкімі лауазымды өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқынан өмір бойына айырыла отырып, (ҚР ҚК 361-бабының 3-бөлімі 4-бөлігі) 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ал ЖШС құрылтайшысы аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасағаны үшін (ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлімі 4-бөлігі) 5-жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге, ол материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - делінген хабарламада.

Сот ауылдық округ әкімі тарапынан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану дерегі бойынша алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау үшін аудан әкімінің атына жеке қаулы шығарды. 

Сот үкімі ауданның ауылдық округ әкімдеріне, ТКШ және құрылыс бөлімінің басшыларына ескерту ретінде көрсету сот процессі форматында жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу