Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды

455

Ақмола облысының Целиноград ауданында он күн бұрын із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды Фото: inbusiness.kz

Целиноград ауданының 29 жастағы тұрғыны Шыңғыс Мұстафинге биылғы жылғы мамырдың 3-інде іздеу жарияланған.

Оны іздеуге тәртіп сақшыларымен бірге әскери қызметшілер, еріктілер, туыстары мен таныстары атсалысты.

"Мамырдың 12-сінде қабылдаған шаралардың нәтижесінде ер адамның денесі Сандықтау ауданының аумағынан табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі хабарламасында.

Бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері жоғалып кеткен ер адамның Сандықтау ауданы аумағына автокөлікпен келгенін, кейін көліктің Сандықтау ауылында тұрғанын анықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу