Ақмола облысында онкологиялық ауруларға ерлер жиі ұшырайды

593

Ақмола облысында онкологиялық ауруларға  55 пен 70 жас аралығынадығы адамдар өте жиі шалдығады. 

Ақмола облысында онкологиялық ауруларға ерлер жиі ұшырайды

Соңғы бірнеше жыл бойы 258 жағдай тіркелген өкпе обыры бірінші орында тұр. Кейінгі орында сүт безі обыры – 229 жағдай, ал асқазан обыры ауруы жөнінде 149 жағдай анықталған. Төртінші орында тері обыры тұрса, 95 жағдай тіркелген тоқ ішек обыры 5- орында,  -деп хабарлайды "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҚЕАҚ Ақмола облыстық филиалы.

Ерлер арасында бірінші орында өкпе обыры - 205 жағдай, екінші асқазан обыры-109 жағдай, үшінші орында қуықасты бездер обыры - 67 жағдай, 4 орында тері обыры - 63 жағдай және 5 орында өңеш обыры - 46 жағдай.

"Кеуде хирургиясы бөлімшесі жылына 300 ота жасайды. Өкпе обыры тек біздің облыста ғана емес, елімізде де, тіпті бүкіл әлемде көш бастап тұр. Оның негізгі себептердің бірі - өкпеде мүлдем ауырсыну рецепторларының жоқтығы, олар тек плеврада, яғни өкпенің сыртқы қабығында бар. Сондықтан да пациент ауруды ісіктің асқынып, өкпенің сыртына дейін өскен кезінде ғана сезеді. Ал бұл өкпе обырының алдын алу мүмкін болмайтын үшінші-төртінші сатысы. Жалпы, кез келген қатерлі ісік ұзақ уақыт бойы ешқандай белгі бермеуі мүмкін. Бұндай жағдайда профилактикалық медициналық тексерулер мен скринингтер онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтауға  көмектеседі", - деді көп салалы облыстық аурухананың кеуде хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Марлен Атамбаев.

Әйелдер арасында 2018 жылы алғаш анықталған сүт безі обыры бірінші орында (229 жағдай) тұр. Екінші орында жатыр мойны обыры - 86 жағдай, үшінші тері обыры - 82 жағдай, 4 орында өкпе обыры – 53 жағдай және 5 орында асқазан обыры - 40 жағдай. Жатыр мойны  обырымен ауыратын 86 әйелдің 65-інің (76%) дерті скрининг жасаудың арқасында анықталды.

"Мемлекет скринингтен үш бағыт бойынша тегін өтуге мүмкіндік береді: 40-тан 70 жасқа дейінгі әйелдерге сүт  безінің маммографиясы; 30-дан 70 жасқа дейінгі әйелдерге жатыр мойны обырын диагностикалауға арналған зерттеулер; 50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдерге аш ішек пен тоқ ішек обырын анықтау үшін скрининг.

Скринингке жолдаманы жергілікті емханадан алуға болады", - деп хабарлады "ӘМСҚ" қоғамдық емес акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалының директоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу