Ведомствоның мәліметінше, жоғалған адамдар бүгін күндізгі уақыт 14:00 шамасында Бәйтерек ауылынан 35 шақырым жердегі орман алқабынан табылған.
"Алтынай Балтақожақызы түнде орманда өте суық болғанын айтты. Жұбайы екеуі жол іздеп шаршаған. Жолдасы Қайыржан Баржақсымұлы таяқтың көмегімен қозғалады. Ерлі-зайыптылар өздерін іздеуге қатысқандардың барлығына алғысын жеткізді. Үйлесімді іс-әрекет пен күш-жігердің арқасында ерлі-зайыпты Баялиндердің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ", – деді ведомстводан.
Еске сала кетсек, Ақмола облысында орманда жоғалған ерлі-зайыптыларға іздеу жарияланған болатын.