Ақмола облысында орманда адасқан зейнеткер құтқарылды

145

1948 жылы туған ер адам іздестіру жұмыстары барысында аман-есен табылып, медициналық көмекке мұқтаж болмады.  

Ақмола облысында орманда адасқан зейнеткер құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Ақмола облысының Зеренді ауданында орманға жидек теруге барып, адасып кеткен зейнеткер құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жедел-құтқару жасағының қызметкерлері іздестіру жұмыстары барысында 1948 жылы туған ер адамды тауып, қауіпсіз жерге жеткізді. Оның медициналық көмекке мұқтаж болмағаны хабарланды.

Министрлік орманға барар алдында жақындарыңызға қайда баратыныңызды ескертіп, өзіңізбен бірге толық қуатталған телефон алып жүруге және адасып қалған жағдайда 112 нөміріне хабарласуға кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу