Ақмола облысында өрт қауіпті кезеңде 3 авиакомпаниялар кезекшілік ететін болады

298

Өткен жылы облыс бойынша 107 орман және 6 дала өрті тіркелген болатын.    

Ақмола облысында өрт қауіпті кезеңде 3 авиакомпаниялар кезекшілік ететін болады Фото: TekeliNews

Ақмола облысында 8 сәуірден бастап өрт қауіпті кезең басталды.  "Ақкөл, Зеренді және Бурабай аудандарында "Қазавиаорманқорғау" АҚ-ның 3 авиакомпаниясы авиациялық патрульдеуді жүргізетін болады. Жер үстінде патрульдеу үшін облыс аумағында 400 адамнан тұратын 104 мобильді топ құрылды", - деп атап өтті ТЖ департаментінің бастығы Қанат Доспаев.

Сондай-ақ, брифинг барысында облыстың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілдері өрт қауіпті кезеңге дайындық туралы айтып берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу