"2023 жылғы 15 қаңтарда Астрахан ауданы Новочеркасск кентінде 40 ш.м. алаңда жеке тұрғын үйде өрт болды", – деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті өздігінен сөндіру кезінде үй иесі 1963 жылы туған ер адам 2-3 дәрежелі күйік алды және өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін өрт болған жерден оны көршісі Мұхтар Макарин құтқарып қалған. Жедел медициналық жәрдем бригадасы үй иесін Астрахан орталық аудандық ауруханасына жеткізді.
Оқиға орнына азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар шыққан.
Осы факт бойынша тексеру жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша өрттің шығу себебі – қысқа тұйықталуға әкеп соқтырған оқшауланбаған электр сымдары бар электр қабылдағышты (қазандықты) пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылды.