Ақмола облысында өрттен күзетші қаза болды

655

Щучинск қаласында базар өртеніп, күзетші көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақмола облысында өрттен күзетші қаза болды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 04-50-де Щучинсктегі "Жомарт" базары өртенген.

"Ғимарат бір қабаттан тұрады. Өрттің аумағы 1700 шаршы метр, ғимараттың жалпы ауданы 3000 шаршы метр", – деп жазылған хабарламада.

Өртті сөндіруге 100-ге жуық маман, 25 техника жұмылдырылды.

"Өрт 2 сағаттан соң сөндірілді. Ғимараттан ер адамның денесі табылды. Алдын ала ақпарат бойынша ол – күзетші", – деп жазылған хабарламада.

Бүгінде оқиға орнында өрт сөндіру зертханасы мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Өрттің неден шыққаны анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу