Ақмола облысында Өзбекстанның 53 азаматы аяздан құтқарылды

814

Түркістан облысының Сарыағаш қаласына бет алған 53 жолаушысы бар автобус дизельді отынмен жүретін болғандықтан, Бурабай ауданының тұсында тоқтатылған. 

Ақмола облысында Өзбекстанның 53 азаматы аяздан құтқарылды

Ақмола облысында аязды түні жолда қалғандар құтқарылды, деп хабарлайды 24.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, Петропавл қаласынан Түркістан облысының Сарыағаш қаласына бет алған 53 жолаушысы бар автобус дизельді отынмен жүретін болғандықтан, Бурабай ауданының тұсында тоқтатылған. Қауіпсіздік мақсатында оларды құтқарушылар жақын маңдағы Кенесары ауылының орта мектебіне жеткізіпті. Жолаушылардың барлығы Өзбекстан азаматтары.

Айта кетейік, қазір Ақмола облысында 225 жылыту бекеті жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ бүгін аймақтың барлық мектептеріне сабақ уақытша тоқтатылды.

"Ал аяздың беті 27 желтоқсан күні қайтады", - дейді, синоптиктер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу