Ақмола облысында шаруа қожалығының жұмысшысы шөп жинайтын ауылшаруашылық машинасының астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қайғылы оқиға Астрахан ауданында шөп шабу жұмыстары кезінде болған.
Полиция қылмыстық іс қозғады, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мемлекеттік еңбек инспекторы да тексеру бастады.
"Алдын ала тергеу барысында шөп шабу жұмыстары кезінде қаза тапқан адам шөп орайтын пресс-жинағыштың астына түсіп, оқиға орнында қаза тапқаны анықталды", - деді аймақ полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Әлия Билялова.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу