Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Машинист дабылды басса да, құлаққап таққан әрі күләпара бүркенген ер адам оны естімеген. Ара қашықтықтың қысқа болуына байланысты соққының алдын алу мүмкін болмады", – делінген хабарламада.
ҚТЖ теміржолда жүргінші адамдардың жарақат алуы және жапа шегуі көп жағдайда олардың белгіленбеген жерден өтер кезде жан-жағына мұқият қарамауынан болатынын мәлімдейді.
Теміржол релсінің үстімен жүруге, теміржол маңына масаң күйде жақындауға, құлаққаппен жүруге, сондай-ақ тоқтап тұрған пойыз құрамының астынан өтуге тыйым салынған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу