Ақмола облысында пойыз үстіне шыққан жасөспірім құлап, ауруханаға түсті

134

Ақмола облысында қауіпті ойын салдарынан жасөспірім жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысында пойыз үстіне шыққан жасөспірім құлап, ауруханаға түсті Фото: canva

Оқиға 10 сәуір күні Жайнақ станциясында тіркелген.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 14 жастағы жасөспірім жүк пойызының үстіне шығып, вагондар арасында секірмек болған. Сол сәтте ол тепе-теңдігін жоғалтып, биіктіктен құлап кеткен.

Белгілі болғандай, жасөспірім жалғыз болмаған – оның жанында тағы бірнеше жасөспірім болған. Қазір олардың барлығы анықталған.

– Кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталды. Оқиға салдарынан олардың біреуі дене жарақатын алып, Астана қаласындағы ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Материалдар кейіннен Астана қаласының құзырлы органдарына жолданады.

Құқық қорғау органдары ата-аналар мен жасөспірімдерді теміржол маңындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу