Ақмола облысында полицейді көлік қағып кетті

330

Оқиға 7 желтоқсанда Астана – Ерейментау – Шідерті автожолында болған.  

Ақмола облысында полицейді көлік қағып кетті Фото: Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі

Ақмола облыстық полиция департаменті қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан инспектордың өлімі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерге қауіп туралы, жылдамдықты азайтуды және жолдың тарылуын ескертіп тұрған патрульдік полиция инспекторын соғып кетті", – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері қаза тапқан әріптесінің туған-туыстары мен жақындарына терең және шынайы көңіл айтты. Ведомство бұл факті бойынша жан-жақты әрі объективті тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.

Полиция департаменті қаза тапқан қызметкердің фотосуретін жариялағанымен, аты-жөнін айтпады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу