Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткіш бүлініп, тақтайшалар жұлынған. Полиция оқиға орнына жедел жетіп, тексеру жүргізіп, сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 38 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Ұсталған күдікті жасаған іс әрекетін мойындады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 294-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.
"Заң және тәртіп" қағидаты шеңберінде осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысты ашу үшін барлық қажетті шара қабылданып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу