Ақмола облысында Ресей азаматы алаяққа 1,6 млн теңгесін аударып жіберген

508

Ақмола облысында валюта айырбастаудың "тиімді" жолын ұсынып, ресейліктің 1,6 млн теңгесін аудартып алған күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды  inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысында Ресей азаматы алаяққа 1,6 млн теңгесін аударып жіберген

Қосшы қаласының полиция бөліміне Целиноград ауданында уақытша тұрып жатқан Тюмень облысының тұрғыны – Ресей Федерациясының азаматынан өтініш түскен. Әйел адам 3 қарашада Telegram әлеуметтік желісіндегі чаттардың бірінен "тиімді бағам бойынша рубльді теңгеге айырбастау" туралы хабарландыру көреді. Ол хабарландыру авторымен байланысып, 72 мың рубльді теңгеге айырбастайды. Осылайша, алғашқы мәмілесі сәтті өтеді. Кейінірек ер адаммен кезекті валюта айырбастау туралы келісе отырып, жәбірленуші оның шотына 237 500 рубль (1,6 млн теңге) сомасында ақша аударады. Осы қолма-қол ақшаны алған күдікті өзінің құрбанымен арасындағы жалғыз байланыс құралы болған Telegram арнасын өшіріп тастаған.

Қосшы қаласының полиция бөлімі осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу бастады. Күдікті адамды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу