Ақмола облысында сарбаз өзіне қол салды

749

Степногор қаласында әскери борышын өтеп жатқан сарбаз қызмет орнында өз-өзіне оқ атқан.

Ақмола облысында сарбаз өзіне қол салды

Ақмола облысының Степногор қаласында әскери борышын өтеп жатқан сарбаз қызмет орнында өз-өзіне қол салды. Бұл туралы облыстың құқыққорғау органдарындағы дереккөзден мәлім болды, деп хабарлайды abctv.kz.

Қайғылы оқиға өткен сенбі күні таңертең орын алған.
"Қарағанды облысынан мерзімдік әскери қызметке шақыртылған  21 жастағы сарбаз түзету мекемесін күзету жөніндегі әскери қызметте болған кезінде басына өзі оқ атқан", – деп хабарлады дереккөз.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша қызметтік тексеру тағайындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу