Ақмола облысында сенбілікке шыққан бала тоққа түсіп көз жұмды

914

Тағы бір оқушы жарақат алды. 

Ақмола облысында сенбілікке шыққан бала тоққа түсіп көз жұмды Фото: zakon.kz

Ақмола облысында бір бала тоққа түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаза тапқан баланың әпкесінің айтуынша, қайғылы жағдай 11 сәуірде Ирченко стансасында орын алған.

"Балалар мектеп аумағын тазалауға сенбілікке шыққан (мектеп теміржолға қарама-қарсы тұр). Бірақ теміржолдың аумағын тазалапты. Балалар вагонға кім бірінші мінеді деп өзара таласып, сол жерде бірнеше күннен бері тұрған вагонға қарай жүгірген. Вагонга бірінші болып біздің жалғыз ініміз кірді, қолын тартып алып үлгермеді, сол сәтте-ақ тоқ соғып қайтыс болды. 2004 жылы туған жалғыз ініміз еді, 7 мамырда 15-ке толар еді. Вагонга одан кейін екінші болып кірген бала тоқ соққаннан жарақат алды. Ол бала Атбасар ауруханасында емделуде, оның денсаулығы қалай болатыны белгісіз. Үшінші бала вагоннан сыртқа секіріп үлгеріпті", – деп айтты баланың әпкесі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады.

"Қазір тексеру жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне сай, өзге ақпаратты әзірге жариялай алмаймыз", – деді көліктегі ПД

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу