Іс-шараға Төтенше жағдайлар министрлігі мен облыстық ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ жедел-құтқару жасағының мамандары қатысты. Мамандар су айдындарында шағын көлемді кемелерді пайдалану талаптарының сақталуын тексерді.
Рейд барысында құтқару құралдарының болуы мен жарамдылығына, жолаушыларды тасымалдау ережелеріне, кемелердің техникалық жағдайына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, алкогольдік мас күйінде су көлігін басқаруға жол бермеу мәселесі түсіндірілді.
Кеме иелеріне қауіпсіздік талаптары мен заңнама нормалары түсіндіріліп, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілік жүктелетіні ескертілді.
Тексеру кезінде шағын кемелерді пайдалану ережелерінің бұзылғаны анықталды. Кінәлі тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
Құтқарушылар мұндай профилактикалық жұмыстардың судағы оқиғалардың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.