Ақмола облысында шахта құлап, 2 адам үйінді астында қалды

1242

Астрахан ауданындағы "Айна – ресурс" ЖШС-ға тиесілі шахтада тау жынысы опырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында шахта құлап, 2 адам үйінді астында қалды

Оқыс оқиға болған сәтте шахтада 2 жұмысшы болған.

"Олар 1990, 1991 жылдары туған. Жұмысшылар үйінді астынан шығарылды. Қазіргі таңда зардап шеккен 2 ер адам Астрахан ауданының ауруханасына жеткізілді. Олардың жағдайы орташа ауыр", – деп жазылды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Шахтаның құлағаны туралы ақпаратты құтқарушылар түнгі 3-те алған.

Жұмысшылар телефон арқылы Астрахан ауданы Ақбейіт ауылындағы зардап шеккендерге шұғыл көмек керегін айтқан.

"Оқиға орнына жол талғамайтын "ТРЭКОЛ ВЕГА" көлігі жіберілді. Шахта құлаған кезде 2 жұмысшы 100 метр тереңдікте болған. Олардың жағдайы ауыр болды. Әріптестері кеншілерді шахтадан алып шығып, құтқарушыларға келгенше алғашқы медициналық көмек көрсеткен", - деп жазылды хабарламада.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жедел жәрдем көлігі оқиға орнына бара алмаған. Шахтаға құтқарушылар дәрігерлермен бірге жеткен. Олар зардап шеккен 2 жұмысшыны ауруханаға эвакуациялаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу