Ақмола облысында шахтаға заңсыз кірген ер адам қаза тапты

88

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде.

Ақмола облысында шахтаға заңсыз кірген ер адам қаза тапты Фото: freepik.com

Ақмола облысындағы Бестобе елді мекеніндегі алтын өндіретін шахтаға заңсыз кірген үш іздеуші түрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

– Алдын ала мәліметке сәйкес, 23 наурызда Бестөбе поселкесіндегі шахтаның төменгі деңгейінде заңсыз кірген үш адам жарақат алды. Оқиға салдарынан бір ер адам қайтыс болды, екеуі медициналық мекемеге жеткізілді, – делінген полиция хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу