Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын өндірмек болған 2 адам опат болды

864

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын өндірмек болған 2 адам опат болды Фото: pixabay.com

Бестөбе кенішінде екі ер адам үйінді астында қалып қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Бестөбе кеніші опырылып, екі ер адам қаза тапты. Марқұмдардың бірі – 38 жаста, ал екіншісі – 21 жаста болған.

"Полиция қызметкерлері, тергеу тобы және құтқару қызметтері оқиға орнына дереу жіберілді. Шұғыл құтқару жұмыстарынан кейін марқұмдардың денелері табылып, жер бетіне шығарылды", – деп хабарлады ведомство.

Степногор полиция бөлімі бұл оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-1-бабының 3-бөлігі (қорғалатын нысанға заңсыз кіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бейресми дереккөздерге сүйенсек, марқұмдар компания қызметкерлері емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу