Ақмола облысында шалғайда тұратын 18 мың оқушы мектепке барып оқиды

734

3 мыңнан астам бастауыш сыныпта ата-аналардың өтiнiшi бойынша 15 оқушыдан аспайтын кезекшi сыныптар жұмыс iстейтiн болады.

Ақмола облысында шалғайда тұратын 18 мың оқушы мектепке барып оқиды

Ақмола облысындағы 554 мектептің шалғайда орналасқан 311-інің (18 мың оқушы) жұмысы штаттық режимде өтеді. Ал қалған 243-інде (115 мыңдай оқушы) оқыту қашықтықтан жүргізіледі. Бұл туралы әкiмдiк отырысында облыстық бiлiм беру басқармасының басшысы Б.Жүсiпов айтты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұл ретте, 3 мыңнан астам бастауыш сыныпта ата-аналардың өтiнiшi бойынша 15 оқушыдан аспайтын кезекшi сыныптар жұмыс iстейтiн болады, оларда 48 мыңнан астам оқушы оқи алады.

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде облыстың барлық жалпы бiлiм беретiн мектебі жоғары жылдамдықты интернетке қосылған. Облыста 16 мыңнан астам компьютерлiк техника бар, 1,6 мың компьютер сатып алынған, ал 1 қыркүйекке дейiн жергiлiктi бюджет есебiнен 235 бiрлiк техника сатып алынады. Сондай-ақ Үкiмет резервiнiң қаражатынан 23 мыңнан астам дана компьютерлiк техника сатып алынатын болады. Бiрiншi кезекте осал санаттағы балаларды компьютермен қамтамасыз етедi, олар: 5,6 мың аз қамтылған отбасылар, 1,2 мың жетiм балалар, 6,3 мың ерекше бiлiм беру қажеттiлiктерi бар балалар, оның iшiнде 384-i үйде оқиды.

"Балабақшалардың жұмысы кезең-кезеңмен қайта жанданып келедi, 159 мектепке дейiнгi ұйымда 411 кезекшi топ ашылды. Бiздiң облыстың 32 колледжiнде "Баршаға арналған тегiн кәсiптiк-техникалық бiлiм беру" жобасы шеңберiнде жаңа оқу жылында бюджет қаражаты есебiнен шамамен 6 мың студент қабылданатын болады, ал саны жағынан шағын, шалғайларда орналасқан 8 колледжде шамамен 1 мың студент штаттық режимде оқитын болады",– дейді Б. Жүсіпов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу