Ақмола облысында шекараны заңсыз кесіп өткен шетел азаматы жауапқа тартылды

419

Ақмола облысының аумағында “Заңсыз келуші – 2023” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы басталды. 

Ақмола облысында шекараны заңсыз кесіп өткен шетел азаматы жауапқа тартылды Фото: Polisia.kz

Іс-шара 25 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

19 маусым күні жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Көкшетау қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері облыс орталығының аумағында Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынғанын біле отырып, өткізу пункттерінен тыс мемлекеттік шекарадан өткен шетелдік азаматты анықтады. 

Полиция басқармасы бұл деректі ҚР ҚК-нің 392-бабының 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеді. 

Заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда және облыс полиция департаментінің тұрақты бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу