Ақмола облысында сібір жарасы өршіді

668

Ақмола облысында сібір жарасына күдікпен он екі адам ауруханаға жатқызылды.  

Ақмола облысында сібір жарасы өршіді Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы ақпаратты аймақтық ветеринария басқармасы таратты, деп жазады Inbusiness.kz.

"Есіл аудандық ауруханасының инфекциялық бөлімшесіне 12 адам жатқызылды. Сондай-ақ, науқастармен байланыста болған 22 адам Жарқайың ОАА медицина қызметкерлерінің бақылауында. Клиникалық көрінісі мен зертханалық мәліметтері бойынша "сібір жарасы" диагнозы қойылған", — делінген хабарламада.

Басқарманың мәліметінше, 32 бас ірі қара мал қырылды. Аурудың өршуін атап өткен Үшқарасу ауылының аумағында жұма күні карантин жарияланады. Ауылға кіре берісте полиция адамдары кезекшілікке шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу