Ақмола облысында сібір жарасы топырақтан жұққан

1481

Ақмола облысы Ольгинка ауылындағы сібір жарасының таралуына қатысты ауыл шаруашылығы министрі түсініктеме берді.

Ақмола облысында сібір жарасы топырақтан жұққан

Сапархан Омаровтың айтуынша, түйнеме малдан емес, топырақтан жұққан. Аталмыш ауылда биылғы сәуір айында жұқпалы ауруға қарсы вакцинация толығымен жүргізіліпті. Мал иелерінің вакциналау жөнінде құжаттары бар. 70 жыл бұрын түйнеме бойынша осы жерде эпидемия болған, соның қалдықтары қалуы мүмкін дейді министр.

Естереңізге сала кетсек, осыдан 4 күн бұрын Ақмола облысы Аршалы ауданына қарасты Ольгинка ауылында сібір жарасы таралып, карантин жарияланды. Вирусты жұқтырды деген 5 адам ауруханаға жатқызылған. Қазір науқастардың жағдайы бірқалыпты, олар дәрігерлердің жіті бақылауында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу