Ақмола облысында сібір жарасының тері түрі тіркелді

126

Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ақмола облысында сібір жарасының тері түрі тіркелді Фото: Qaz NEWS

Ақмола облысы, Атбасар ауданында сібір жарасының теріге шығатын түрі анықталды. Ведомствоның хабарлауынша, Атбасар ауданында аталған індеттің бес жағдайы тіркелген. Қазіргі таңда барлық науқас – бес ауыл тұрғыны Көкшетау қаласындағы инфекциялық аурулар орталығында ем қабылдап жатыр.

– Ауру ошағында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, денсаулық сақтау органдары, ветеринарлық инспекция, полиция және жергілікті атқарушы орган өкілдері бірлесіп, эпидемияға қарсы шаралар жүргізді. Зертханалық талдаулар ұйымдастырылып, эпидемиологиялық және эпизоотологиялық тексерулер жасалды. Ошақ аумағында дезинфекция жұмыстары жалғасып жатыр, – делінген ресми мәліметте.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы да бұл ақпаратты растады. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың дене қызуы көтеріліп, теріде жара пайда болған.

– Облыстың штаттан тыс бас инфекционисі санитарлық авиациямен ауылға барып, науқастарды қарап, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Көкшетауға жеткізді. Қазір науқастардың жағдайы тұрақты, жаралары жазылып келеді. Ем нәтижесі оң динамика көрсетіп отыр, – деді медицина қызметкерлері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу