Ақмола облысында синтетикалық есірткі өндіретін зертхана анықталды

290

Зертхананы ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Ақмола облысында синтетикалық есірткі өндіретін зертхана анықталды Фото: kursiv.media

Ақмола облысының Целиноград ауданында синтетикалық есірткі өндіретін зертхананың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыс прокуратурасының бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 17 тамызда зертхананы анықтаған.

Тінту кезінде жарты килограмнан астам дайын өнім, химиялық прекурсорлар және тыйым салынған заттарды дайындауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленді. Табылған заттарға сараптама тағайындалды.

Зертхананы ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жыл басынан бері құқық қорғау және арнайы органдардың бірлескен жұмысы нәтижесінде облыста 432 килограмнан астам есірткі тәркіленген. Сонымен қатар синтетикалық есірткі өндіретін 3 зертхана, 18 фитозертхана және есірткі жеткізудің 5 арнасы жойылды.

Есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу