Ақмола облысында скутердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасында екі адам зардап шекті

418

Жүргізушіге маңдай сүйегінің сынуы, жоғарғы жақ сүйегінің сынуы, сол жақтағы периорбитальді гематома диагнозы, ал 17 жастағы мопед жолаушысына ТЖМТ, ТЖМ, тізе буынының көгеруі диагнозы қойылды. 

Ақмола облысында скутердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасында екі адам зардап шекті Фото: polisia.kz

17 маусым күні сағат Щучинск қаласының Нұрлы жол көшесінде жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары Toyota автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі солға бұрылу маневрін жасау кезінде Щучинск қаласының скутер басқарған 17 жастағы тұрғынымен соқтығысуға жол бергенін анықтады.

Полицейлер ҚР ҚК-нің 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Апат салдарынан орталық аудандық ауруханаға скутердің жүргізушісі мен жолаушысы жеткізілді.

Сараптама тағайындалды. Полиция барлық ата-аналарды мұндай көлікті сатып алмас бұрын ойлануға шақырады. Өйткені, мопедистердің көпшілігі балалар. Балаға ұқсас техниканы сатып алар кезде алынатын заттың ойыншық емес екенін естен шығармаңыз! Жол-көлік оқиғасы салдарынан аман қалғанымен, одан келтірілген жарақаттар бала мен ата-аналар бойында өмір бойы қалады, делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу