Ақмола облысында соққыға жығылған баланың денсаулығы жайлы мәлім болды

920

Ақмола облысында соққыға жығылған баланың денсаулығы жайлы мәлім болды

Астана қаласының №2 балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу-алдын алу жұмысы бойынша орынбасары Ұлықбек Асылбеков Қорғалжын ауданында әкім соққыға жыққан баланың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Диас біздің ауруханаға ақпанның 22-нен 23-не қараған түні түсті. Аурудың анамнезі бойынша баланы ересек адам соққыға жыққан. Ауруханаға түскен кезде барлық дәрігерлер - травмотологтар, хирургтер, нейрохирургтер оны тексерді. Тексеру жұмыстары жүргізіліп, құрсақ қуысы органдарына узи зерттеулері жүргізілді. Одан кейін бас миына компьютерлік томография жасалды", - дейді дәрігер. Бас дәрігердің орынбасары сонымен қатар Диас Мұраттың нақты диагнозын атады.

"Бүгінгі диагнозы: бас миының шайқалуы, иық буындары мен белдің жұмсақ тінінің жаралануы, бес аумағының жаралануы. Қазіргі уақытта баланың жағдайы орташа-күрделі, өміріне ештеңе қауіп төндіріп тұрған жоқ. Томография қорытындысына сәйкес, бас миы жағынан қан құйылуы немесе жарақат алу жағдайы жоқ", - дейді ол.

Ұлықбек Асылбековтың айтуынша, әдетте, мұндай жарақатпен түскен балалар 5-7 күндей ауруханада жатып, жеті күндей бақылауда болып, одан ары неврапотологтың бақылауымен тұрғылықты жеріне қайтарылады.

"Бала бізге түскен кезде есін білген. Қазір бастың аздап ауырғаны сақталып тұр. Бас миының шайқалуы жеңіл бас-ми жарақатына жатады. Ота жасалған жоқ", - деп түйді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу