Соңғы бір аптада осындай 41 жағдай тіркелді, деп хабарлайды облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Кене шағудан зардап шеккен 368 адамның 264-і (71,7%) иммуноглобулинмен профилактикалық ем алды. 104 адам (27,7%) ем алмады, оның ішінде 23 адам (6,2%) екпеден бас тартқан.
"Соңғы аптада кене шағудың 41 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл өткен аптамен салыстырғанда екі есе төмен (86 жағдайға аз). Егер адамды инфеция жұқтырған кене шақса, онда ауыр дертке шалдығу қаупі бар. Оның бірі – кене энцефалиті. Бұл жедел жүйке жүйесінің зақымдалуына және мидың қабынуына әкелуі мүмкін. Тіпті адам мүгедек болып қалуы немесе қайтыс болып кетуі әбден мүмкін. Оның белгілері адамда кене шаққаннан кейін бір апта өткен соң ғана байқалады", – дейді ведомстводан.
Биылғы эпидемиялық кезеңде Бурабай және Сандықтау аудандары халқының арасында кене энцефалитінің екі жағдайы расталды.
Сандықтау ауданы 2018 жылдан бері кене энцефалиті бойынша эндемикалық аймақ саналады.
Сол себепті санитар дәрігерлер өңір тұрғындарын орманға, табиғат аясында серуенге және демалуға барғанда сақтық шараларын есте сақтауға шақырады.