Атап айтқанда, адам өлтіру және басқа да ауыр қылмыстар үшін сотталған тұлғалар әрекетке қабілетсіз азаматтарға қамқоршы ретінде бекітілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қамқоршы немесе қорғаншы ретінде психикалық ауруы бар немесе бұрын сотталған азаматтар тағайындалмауы тиіс.
Алайда, екі бірдей әрекетке қабілетсіз азаматқа кісі өлтіргені үшін сотталған адам қамқоршы болып бекітілген. Тағы бір жағдайда "шизофрения" диагнозы қойылған азамат қамқоршы ретінде тіркелген.
Ал, уәкілетті органдар әрекетке қабілетсіз азаматтарды есептен шығару бойынша тиісті шараларды қабылдамаған. Нәтижесінде облыста қайтыс болған 28 азамат әлі де "әрекетке қабілетсіз" ретінде тіркеуде тұр.
Прокурорлық қадағалау нәтижесінде заңға қайшы тағайындалған қамқоршылар қызметінен шеттетіліп, деректер заңнамаға сәйкестендірілді. Жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.