Айта кету керек, өңірдегі су тасқынына қарсы іс-шаралар өткен жылдың жазынан басталды, қазір аула аумақтарынан қар тазалау, бөгеттер мен үйінділерді нығайту және басқа да іс-шаралар жалғасуда, деп жазады inbusiness.kz Ақмола облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Азаматтық қорғау күштері мен құралдарын дайындыққа келтіру және төтенше жағдайларды жою жөніндегі шешімдерді қабылдау жөніндегі теориялық және практикалық іс-қимылдарға бағытталған іс-шаралар кешеніне жыл сайынғы командалық-штабтық жаттығулары кіреді.
"2023 жылғы 2-3 наурызда елімізде "Көктем-2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды. Осы екі күн ішінде облыстың барлық аумағында облыстық Азаматтық қорғау кіші жүйесінің, сондай-ақ аудандық азаматтық қорғау кіші жүйелерінің іс-әрекеттері бойынша практикалық және теориялық оқу-жаттығулар өткізілетін болады. Аймақтың барлық топтамасы дайын. Негізінен басқару органдары мен әрекет ететін күштер мен құралдар арасындағы өзара іс- қимылға баса назар аударылатын болады",–деп атап өтті Қайрат Қасым.