Ақмола облысында суға батып кетті деген адам тірі табылды

312

Ер адам жыра-жықпылдың арасында 1,5 күн отырған. 

Ақмола облысында суға батып кетті деген адам тірі табылды Фото: Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысы ТЖД Атбасар ауданында суға батты деген ер адам тірі табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жабай өзенінің тасуы салдарынан су басқан учаскеде 1977 жылғы ер адам батып кетті деген күдікпен кеше ақмолалық құтқарушылар шақырылған болатын.

"Бірінші күнгі іздеу жұмыстары еш нәтиже бермеді. Бірақ бүгін таңертең ер адам бұталардың арасынан тірі, аман-сау табылды. Құтқарылған адам сүңгуір костюмдерін киген құтқарушыларды көріп қуанып кеткен. ТЖД қызметкерлері оны тамақтандырып, құрлыққа жеткізді. Ер адам жыра-жықпылдың арасында 1,5 күн отырған", – деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Ер адамның су басқан учаскеге не үшін және қалай барғанын қазір Атбасар ауданының полиция бөлімі анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу