Ақмола облысында сүндетке отырғызылған бала қайтыс болды

2017

Алдын ала болжам бойынша бала анафилактикалық шок алуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысында сүндетке отырғызылған бала қайтыс болды Фото: canva.com

Көкшетауда 28 қаңтар күні сүндеттелген бала қайтыс болды.

"31 қаңтарда сағат 17:00 шамасында хирургқа қаралу үшін өз бетінше жүгінген. Науқас ішінің төмен жағы ауыратынына шағымданған. Баланың жағдайы ауыр болды, медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды", - делінген Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарламасында.

 

Алайда бала бір жарым сағаттан соң қайтыс болған.

Мәйіт сот медициналық сараптамасына жіберілді. Полиция тергеуді бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу